Өмір баста от секілді,
Көрер қызық көп секілді,
Көңіл соған тоқ секілді,
Өткен күнің жоқ секілді.
Жастық бейне жаз секілді,
Думан, сайран, саз секілді.
Алмас қамал аз секілді,
Соған көңіл мәз секілді.
Тірлік сынақ, сын секілді,
Еппен өткен күн секілді.
Алдануға келгеніңде,
Жалғаншы да шын секілді.
Қарттық бейне қыс секілді,
Уақыт ұшқыр құс секілді.
Көрген қызық түс секілді,
Түсініксіз іс секілді.
Бәрі бекер, бос секілді,
Ажал жанға өш секілді.
Демі біткен кете барар,
Көшіп кеткен көш секілді.
Көрер қызық көп секілді,
Көңіл соған тоқ секілді,
Өткен күнің жоқ секілді.
Жастық бейне жаз секілді,
Думан, сайран, саз секілді.
Алмас қамал аз секілді,
Соған көңіл мәз секілді.
Тірлік сынақ, сын секілді,
Еппен өткен күн секілді.
Алдануға келгеніңде,
Жалғаншы да шын секілді.
Қарттық бейне қыс секілді,
Уақыт ұшқыр құс секілді.
Көрген қызық түс секілді,
Түсініксіз іс секілді.
Бәрі бекер, бос секілді,
Ажал жанға өш секілді.
Демі біткен кете барар,
Көшіп кеткен көш секілді.