Арасында өмір деген бір дудың,
Орын іздеп белді баста шын будым.
Озғаны рас осы дуда кіл қудың,
Ал мен болсам, байлық емес, жыр қудым.
Әрбір күнім күнпарақтың парағы,
Күнпарақтар аударылып барады.
Мен келемін арқа сүйеп халқыма,
Халқым маған үмітпенен қарады.
Ақтасам деп елдің үміт, сенімін,
Ұйқыдан да, күлкіден де жерідім.
Жас қайтқанмен баяғыдай көңілім,
Басылмай жүр жырға деген желігім.
Күн өтуде жайсыз да емес, жайлы емес,
Тіршілігім стандартқа сай да емес.
Бір адаммын жарлы да емес, бай да емес,
Бай болмауым ешқандай да қайғы емес.
Бастан оны біле тұра ой қудым,
Адалдыққа көңіл бөлдім, бой бұрдым.
Жамандықты көрген сайын жасыдым,
Жақсы өлең туған күні той қылдым.
Өмір-дудың сындарында шыңдалдым,
Сөйте жүріп бірді беріп, бірді алдым.
Өткеніне өкінбеймін жылдардың,
Өкінерім сыбағамнан құр қалдым.
Орын іздеп белді баста шын будым.
Озғаны рас осы дуда кіл қудың,
Ал мен болсам, байлық емес, жыр қудым.
Әрбір күнім күнпарақтың парағы,
Күнпарақтар аударылып барады.
Мен келемін арқа сүйеп халқыма,
Халқым маған үмітпенен қарады.
Ақтасам деп елдің үміт, сенімін,
Ұйқыдан да, күлкіден де жерідім.
Жас қайтқанмен баяғыдай көңілім,
Басылмай жүр жырға деген желігім.
Күн өтуде жайсыз да емес, жайлы емес,
Тіршілігім стандартқа сай да емес.
Бір адаммын жарлы да емес, бай да емес,
Бай болмауым ешқандай да қайғы емес.
Бастан оны біле тұра ой қудым,
Адалдыққа көңіл бөлдім, бой бұрдым.
Жамандықты көрген сайын жасыдым,
Жақсы өлең туған күні той қылдым.
Өмір-дудың сындарында шыңдалдым,
Сөйте жүріп бірді беріп, бірді алдым.
Өткеніне өкінбеймін жылдардың,
Өкінерім сыбағамнан құр қалдым.