Өлең жазу бастан менің несібем,
Білмеймін ол қызықтырды несімен.
Азабын да, рахатын да кешірем,
Асыл сөздің арқауы боп есілем.
Өлең жазу бастан менің несібем,
Ақындардың ілесемін көшімен.
Ақыл-ойдың тербетілген бесігі ем,
Жыр тудырам шықпастай ел есінен.
Өлең жазу бастан менің несібем,
Қалам алып ақ қағазға тесілем.
Сөзді бөлеп, әлпештеймін, өсірем,
Ойдағыны өңдеп, қайта көшірем.
Өлең жазу бастан менің несібем,
Мен жазғанның өзгелерден несі кем?
Тәтті сөзбен тіл күрмеуін шешіп ем,
Жете алмай халқыма сәл кешігем.
Өлең жазу бастан менің несібем,
Шабыт келсе, ақтарылам, шешілем.
Жазбас ем-ау сол өлеңді осы мен,
Жүрек отын қалай ғана өшірем.
Білмеймін ол қызықтырды несімен.
Азабын да, рахатын да кешірем,
Асыл сөздің арқауы боп есілем.
Өлең жазу бастан менің несібем,
Ақындардың ілесемін көшімен.
Ақыл-ойдың тербетілген бесігі ем,
Жыр тудырам шықпастай ел есінен.
Өлең жазу бастан менің несібем,
Қалам алып ақ қағазға тесілем.
Сөзді бөлеп, әлпештеймін, өсірем,
Ойдағыны өңдеп, қайта көшірем.
Өлең жазу бастан менің несібем,
Мен жазғанның өзгелерден несі кем?
Тәтті сөзбен тіл күрмеуін шешіп ем,
Жете алмай халқыма сәл кешігем.
Өлең жазу бастан менің несібем,
Шабыт келсе, ақтарылам, шешілем.
Жазбас ем-ау сол өлеңді осы мен,
Жүрек отын қалай ғана өшірем.