Ешкімге сірә өкпелемеймін,
Өкпелегенде көпке не деймін?!
Көңілім аш та, тоқ та демеймін,
Өкпелер жөнім жоқ та демеймін,
Ешкімге бірақ өкпелемеймін.
Өкпелер нем бар, өзім кінәлі,
Мәнсіздеу болды сөзім құнары,
Нәрсіздеу болды сезім бұлағы,
Әлсіздеу көрді көзім қырағы,
Бәріне соның өзім кінәлі.
Орынды жерде ой таба алмадым,
Айтатын кезде айта да алмадым.
Көзге де түсіп, байқала алмадым,
Көңілім тыншып, жай таба алмадым,
Іске аспай жүрген ой-хой арманым.
Өлеңді рас отқа бөлеймін,
Жазғаным аз да, көп те демеймін,
Ұққандар бар да, жоқ та демеймін,
Өкпелемеймін,
Өкпелемеймін.
Өкпелер ем-ау, көпке не деймін?
Өкпелегенде көпке не деймін?!
Көңілім аш та, тоқ та демеймін,
Өкпелер жөнім жоқ та демеймін,
Ешкімге бірақ өкпелемеймін.
Өкпелер нем бар, өзім кінәлі,
Мәнсіздеу болды сөзім құнары,
Нәрсіздеу болды сезім бұлағы,
Әлсіздеу көрді көзім қырағы,
Бәріне соның өзім кінәлі.
Орынды жерде ой таба алмадым,
Айтатын кезде айта да алмадым.
Көзге де түсіп, байқала алмадым,
Көңілім тыншып, жай таба алмадым,
Іске аспай жүрген ой-хой арманым.
Өлеңді рас отқа бөлеймін,
Жазғаным аз да, көп те демеймін,
Ұққандар бар да, жоқ та демеймін,
Өкпелемеймін,
Өкпелемеймін.
Өкпелер ем-ау, көпке не деймін?