Қызығамын кейде тіпті масқа да,
Мастықты ойлау барып тұрған масқара.
Еліктейтін емеспіз ғой жас бала,
Қызыққаным дұрыс еді-ау басқаға.
Жоқшылықты, науқасыңды ұмытып,
Өн бойыңды ақ шараппен жылытып,
Сау кезіңде айта алмаған шындықты,
Айтып тастап, ұят демес мұны түк.
Мінез-құлқы шамаға еш соқпайтын,
Шабытыңды, шарабыңды жоқтайтын,
Қолы ашық, жаны еркін, ойы бос,
Бар білгенін істеп барып, тоқтайтын.
Басын ұрар тауыңа да, тасқа да,
Пысқырмайтын дүние, мүлік, басқаға,
Аспан асты көгілдір, кең баспана,
Жата кетер көшеде құм жастана,
Қызығамын кейде осы масқа да.
Бұл қызығу мүмкін нағыз масқара,
Қызығады тек ақымақ бас қана.
Маған кейде күйбеңдеуді ұмытқан,
Шын бақытты көрінер сол мас қана.
Айлығы аз, қызметі де жайлы емес,
Тұрмыс ауыр, қалта толы бай да емес,
Тіршілігі еш жағынан сайлы емес,
Бірақ масқа мұның бәрі қайғы емес.
Қиындықты күліп тұрып қарсы алып,
Жылайтұғын бір көңілді ән салып,
Ұмыттырар фәни дүние қайғысын,
Мастықта да құдірет бар қаншалық.
Тыныш қоймас ішке кірген ен алау,
Мастық жөні шынында да ерек-ау.
Есеппенен өмір сүрмей үнемі,
Кейде есті жоюың да керек-ау.
Мастықты ойлау барып тұрған масқара.
Еліктейтін емеспіз ғой жас бала,
Қызыққаным дұрыс еді-ау басқаға.
Жоқшылықты, науқасыңды ұмытып,
Өн бойыңды ақ шараппен жылытып,
Сау кезіңде айта алмаған шындықты,
Айтып тастап, ұят демес мұны түк.
Мінез-құлқы шамаға еш соқпайтын,
Шабытыңды, шарабыңды жоқтайтын,
Қолы ашық, жаны еркін, ойы бос,
Бар білгенін істеп барып, тоқтайтын.
Басын ұрар тауыңа да, тасқа да,
Пысқырмайтын дүние, мүлік, басқаға,
Аспан асты көгілдір, кең баспана,
Жата кетер көшеде құм жастана,
Қызығамын кейде осы масқа да.
Бұл қызығу мүмкін нағыз масқара,
Қызығады тек ақымақ бас қана.
Маған кейде күйбеңдеуді ұмытқан,
Шын бақытты көрінер сол мас қана.
Айлығы аз, қызметі де жайлы емес,
Тұрмыс ауыр, қалта толы бай да емес,
Тіршілігі еш жағынан сайлы емес,
Бірақ масқа мұның бәрі қайғы емес.
Қиындықты күліп тұрып қарсы алып,
Жылайтұғын бір көңілді ән салып,
Ұмыттырар фәни дүние қайғысын,
Мастықта да құдірет бар қаншалық.
Тыныш қоймас ішке кірген ен алау,
Мастық жөні шынында да ерек-ау.
Есеппенен өмір сүрмей үнемі,
Кейде есті жоюың да керек-ау.