Ой терең, ақыл алғыр, санам сергек,
Сондықтан сөзден сурет салам зерлеп.
Көргенін жазамын деп ашығынан,
Көңілге қарай бермес қалам тергеп.
Сөкпеңдер ащы айтса тілім тентек,
Жігіттің белгісі емес, бөрік, телпек.
Сақал жоқ, араққұмар, ауыз сасық,
Еркекке ұсамайды бүгінгі еркек.
Шаш қысқа, тілі ұзын, түсі тентек,
Шырт мінез, секілді бір кісі келтек.
Әйелге ұсамайды бүгінгі әйел,
Бояу бет, сояу тырнақ, ісі сөлтек.
Білім аз, көкірегі тола жел тек,
Сондықтан тіршіліктен таяқ жер көп.
Балаға ұсамайды бүгін бала,
Өмірі өспеген соң тыңдап ертек.
Демесең май асадық жентек-жентек,
Саны жоқ қаптап кеткен базар жер-көк.
Өмірге ұсамайды бүгінгі өмір,
Қарасаң қап арқалап жүрген ел тек.
Арналып сұлу сөзге төзім, тер көп,
Жыр жазам жатпай-тұрмай сезімді өртеп.
Намысқа тиіп кетсем кешіріңдер,
Бір жанмын өзім жуас, сөзім тентек.
Сондықтан сөзден сурет салам зерлеп.
Көргенін жазамын деп ашығынан,
Көңілге қарай бермес қалам тергеп.
Сөкпеңдер ащы айтса тілім тентек,
Жігіттің белгісі емес, бөрік, телпек.
Сақал жоқ, араққұмар, ауыз сасық,
Еркекке ұсамайды бүгінгі еркек.
Шаш қысқа, тілі ұзын, түсі тентек,
Шырт мінез, секілді бір кісі келтек.
Әйелге ұсамайды бүгінгі әйел,
Бояу бет, сояу тырнақ, ісі сөлтек.
Білім аз, көкірегі тола жел тек,
Сондықтан тіршіліктен таяқ жер көп.
Балаға ұсамайды бүгін бала,
Өмірі өспеген соң тыңдап ертек.
Демесең май асадық жентек-жентек,
Саны жоқ қаптап кеткен базар жер-көк.
Өмірге ұсамайды бүгінгі өмір,
Қарасаң қап арқалап жүрген ел тек.
Арналып сұлу сөзге төзім, тер көп,
Жыр жазам жатпай-тұрмай сезімді өртеп.
Намысқа тиіп кетсем кешіріңдер,
Бір жанмын өзім жуас, сөзім тентек.