Бір-біруге жұрттың бәрі белгілі,

Өмір туралы

Бір-біреуге жұрттың бәрі белгілі, Белгілі ғой артықтығы, кемдігігі. Бірақ ашып айта бермес ел мұны, Ашып айтса түзелер е...

Бір-біреуге жұрттың бәрі белгілі,
Белгілі ғой артықтығы, кемдігігі.
Бірақ ашып айта бермес ел мұны,
Ашып айтса түзелер ек ендігі.

Мүмкін дұрыс айтпағаны көзіңе,
Жағымды емес шындығыңның өзі де.
Сене берме жұрттың айтқан сөзіне,
Өзің ғана әділ сотсың өзіңе.

Біреу майда, біреу мықты ірі дер,
Тірі адамға түрлі жарлық ілінер.
Өмір жайлы ойлана жүр, тірілер,
Кім екенің өлгеннен соң білінер.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026