Мына жұрт менде бәрі түгел дейді,
Жоқшылық қолды байлап, жүгендейді.
Езулеп, жылауымды жібермейді,
Қамкөңіл қарын ашта жыр өнбейді.
Түңіліп, түк бітпеген тіршіліктен,
Қоямын жиі содан күрсініп мен.
Қаратпай алды-артыма қаңбақ қылып,
Айдап жүр тағдыр мықты бір шыбықпен.
Өнерге жүргенім шын араласып,
Оны да өндірмедім қара басып.
Көргенде кейбіреудің өлерменін,
Көңілім кәдімгідей қалады ашып.
Соларың барын малдап, жанын жалдап,
Жолына дүниенің арын салмақ.
Қолына түскендердің бәрін жалмап,
Ойы тек барды басып, алып қалмақ.
Оларға түк тұрмайды намысың да,
Әңгіме бүгін тапқан табысында.
Ешқандай бас қатырмас ертеңіне,
Болғаны байлықты ойлап алысуда.
Қысылып жоқшылықтан шарқ ұрамын,
Тапсам деп елдей мен де талпынамын.
Қайтсем екен, бас бұрып күнкөріске,
Мен сені сатсам ба екен алтын арым?!
Жоқшылық қолды байлап, жүгендейді.
Езулеп, жылауымды жібермейді,
Қамкөңіл қарын ашта жыр өнбейді.
Түңіліп, түк бітпеген тіршіліктен,
Қоямын жиі содан күрсініп мен.
Қаратпай алды-артыма қаңбақ қылып,
Айдап жүр тағдыр мықты бір шыбықпен.
Өнерге жүргенім шын араласып,
Оны да өндірмедім қара басып.
Көргенде кейбіреудің өлерменін,
Көңілім кәдімгідей қалады ашып.
Соларың барын малдап, жанын жалдап,
Жолына дүниенің арын салмақ.
Қолына түскендердің бәрін жалмап,
Ойы тек барды басып, алып қалмақ.
Оларға түк тұрмайды намысың да,
Әңгіме бүгін тапқан табысында.
Ешқандай бас қатырмас ертеңіне,
Болғаны байлықты ойлап алысуда.
Қысылып жоқшылықтан шарқ ұрамын,
Тапсам деп елдей мен де талпынамын.
Қайтсем екен, бас бұрып күнкөріске,
Мен сені сатсам ба екен алтын арым?!