Мұхаммед пайғамбар

Өмір туралы

Ақ жолы – сара, Ақылы –дана, Тумысы – дара, Расулу Алла! Білімі – терең, Болмысы – берен, Кеңдігі – кемел, Ерлігі – ер...

Ақ жолы – сара,
Ақылы –дана,
Тумысы – дара,
Расулу Алла!


Білімі – терең,
Болмысы – берен,
Кеңдігі – кемел,
Ерлігі – ерен.

Періште келген,
Пейішті көрген,
Шапағат берген,
Ғаламды жеңген.

Тіріден тірі,
Іріден ірі,
Дүрлердің дүрі,
Адамзат гүлі.

Жүрегі жылы,
Ұлыдан ұлы,
Айрықша туған,
Алланың құлы!

Өзіңе сендім,
Ізіңе ердім.
Үмітін артқан,
Үмбетің менмін.

Есімді жидым,
Нәпсімді тыйдым.
Жолына Хақтың,
Басымды идім.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026