Бар асыл, бар қымбаттың тірлігінде,
Бақытың, берекең де, бірлігің де,
Қолында аналардың жүр бүгінде,
Солардың арқасында күн күлуде.
Солардың арқасында шуақ шығып,
Бойына сәбилердің қуат кіріп,
Жатады ұрпақты ұрпақ жалғастырып,
Өзінше тіршілікті гүл аттырып.
Пейіл жоқ оның адал пейіліндей,
Мейір жоқ оның ыстық мейіріндей.
Күліп кеп маңдайыңнан иіскесе,
Көңілдің көктемдегі сейіліндей.
Адамның ардақтысы, аяулысы,
Құшақтың саялысы, аялысы,
Жаралған жаны жалғыз жақсылықтан,
Аналар – тіршіліктің таянышы.
Лүпілдеп соғар асыл жүректері,
Бойыңды балқытады бір өпкені.
Бірлігін бұзбай тұрған бұл әлемнің,
Бір ғана аналардың тілектері.
Жанына жылу құйған өзі күндей,
Түн қатқан бесік тербеп көзін ілмей.
Өмірде бар ма сірә мөлдір сезім,
Пәк таза аналардың сезіміндей.
Бақытың, берекең де, бірлігің де,
Қолында аналардың жүр бүгінде,
Солардың арқасында күн күлуде.
Солардың арқасында шуақ шығып,
Бойына сәбилердің қуат кіріп,
Жатады ұрпақты ұрпақ жалғастырып,
Өзінше тіршілікті гүл аттырып.
Пейіл жоқ оның адал пейіліндей,
Мейір жоқ оның ыстық мейіріндей.
Күліп кеп маңдайыңнан иіскесе,
Көңілдің көктемдегі сейіліндей.
Адамның ардақтысы, аяулысы,
Құшақтың саялысы, аялысы,
Жаралған жаны жалғыз жақсылықтан,
Аналар – тіршіліктің таянышы.
Лүпілдеп соғар асыл жүректері,
Бойыңды балқытады бір өпкені.
Бірлігін бұзбай тұрған бұл әлемнің,
Бір ғана аналардың тілектері.
Жанына жылу құйған өзі күндей,
Түн қатқан бесік тербеп көзін ілмей.
Өмірде бар ма сірә мөлдір сезім,
Пәк таза аналардың сезіміндей.