Сұлулық боп сезіміңді арбаған,
Көрген кезде жүрек қалмас жанбаған,
Мен тегінде әйелдерге таң қалам,
Тек солармен көрікті ғой бар ғалам.
Жетпегенде жоқтан бар қып жалғаған,
Басып қояр асып кетсең арнадан,
Басын иер қара түгіл хан да оған,
Әйелдердің ақылына таң қалам.
Бар көңілі балаға алаң, жарға алаң,
Күлкі де кем, ұйқысы да қанбаған,
Қиналса да мойымаған, талмаған,
Әйелдердің төзіміне таң қалам.
Жігіттерден жігіттерді таңдаған,
Қажет болса сайтаныңды алдаған,
Қынжылғанда Құдайын да қарғаған,
Әйелдердің мінезіне таң қалам.
Шапағатын, махабатын арнаған,
Азаматқа одан артық бар ма адам?
Шын берілсе жаны-тәні қалмаған,
Әйелдердің пейіліне таң қалам.
Ақылға бай, мінезге бай, сөзге бай,
Қолға алса алтын қылар жезді оңай,
Қоймайтұғын сезіміңді қозғамай,
Әйелдер-ай, әсем қара көздер-ай!
Көрген кезде жүрек қалмас жанбаған,
Мен тегінде әйелдерге таң қалам,
Тек солармен көрікті ғой бар ғалам.
Жетпегенде жоқтан бар қып жалғаған,
Басып қояр асып кетсең арнадан,
Басын иер қара түгіл хан да оған,
Әйелдердің ақылына таң қалам.
Бар көңілі балаға алаң, жарға алаң,
Күлкі де кем, ұйқысы да қанбаған,
Қиналса да мойымаған, талмаған,
Әйелдердің төзіміне таң қалам.
Жігіттерден жігіттерді таңдаған,
Қажет болса сайтаныңды алдаған,
Қынжылғанда Құдайын да қарғаған,
Әйелдердің мінезіне таң қалам.
Шапағатын, махабатын арнаған,
Азаматқа одан артық бар ма адам?
Шын берілсе жаны-тәні қалмаған,
Әйелдердің пейіліне таң қалам.
Ақылға бай, мінезге бай, сөзге бай,
Қолға алса алтын қылар жезді оңай,
Қоймайтұғын сезіміңді қозғамай,
Әйелдер-ай, әсем қара көздер-ай!