Қанып алып қызулы бал қымызға,
Қыздырғанда қызыл сөз қанды қызған.
Қазақ жайлы әңгіме бола қалса,
Абай шыға келеді алдымыздан.
Мәнін құртып сан мың жыл мәңгіреген,
Жетімсіреп Абайсыз қалды ма өлең.
Жыр жайында әңгіме қозғалса да,
Абай ойға оралар алдыменен.
Жолыға қап біріміз бірімізбен,
Өмір жайлы сыр шертсек шынымызбен.
Бірге өрілген секілді тінімізбен,
Абай – мысал төгілер тілімізден.
Абай – бұлақ қанатын талай құмар,
Жыр оқылар, мейілі ән айтылар.
Қазақ болсаң аузыңда Абай тұрар,
Абайды айтпай бұл қазақ қалай тұрар?
Абай сөзі нәр берген халқымызға,
Абайламай шынымен қалдыңыз ба?
«Қайран жұртым, қалың ел, қазағым» деп,
Абай кетіп барады алдымызда.
Қыздырғанда қызыл сөз қанды қызған.
Қазақ жайлы әңгіме бола қалса,
Абай шыға келеді алдымыздан.
Мәнін құртып сан мың жыл мәңгіреген,
Жетімсіреп Абайсыз қалды ма өлең.
Жыр жайында әңгіме қозғалса да,
Абай ойға оралар алдыменен.
Жолыға қап біріміз бірімізбен,
Өмір жайлы сыр шертсек шынымызбен.
Бірге өрілген секілді тінімізбен,
Абай – мысал төгілер тілімізден.
Абай – бұлақ қанатын талай құмар,
Жыр оқылар, мейілі ән айтылар.
Қазақ болсаң аузыңда Абай тұрар,
Абайды айтпай бұл қазақ қалай тұрар?
Абай сөзі нәр берген халқымызға,
Абайламай шынымен қалдыңыз ба?
«Қайран жұртым, қалың ел, қазағым» деп,
Абай кетіп барады алдымызда.