Құралай көз қыздардың көзіндесің,
Құлыпы мың құдірет сезімдесің.
Қинайтыны бұл сенің көз ілмесің,
Кезікпейтін жерлерде кезігесің.
Талайлардың тағдыры иығыңда,
Мұңайтасың сол сенің қиының да.
Жүрегі бар пенденің бәрі өзіңе,
Сүйенуге, үйренген сиынуға.
Сенен жанын сақтап қап кім аяды,
Қуанады сүйген жан, мұңаяды.
Сені іздеген елегізіп екіндіде,
Кәрі көңіл мұңайып, тыңаяды.
Сен тірлікке жыр бердің, әнді ұсындың,
Мен өзіңмен өмірді мәнді сүрдім.
Жалғыздықтың пердесін мәңгі ысырдым,
Жүрегімнің арнаймын алғысын мың.
Сері жүрек сертіңде тұрасың да,
Ұрпаққа ұрпақ жалғасып, ұласуда.
Бір асылды қосатын бір асылға,
Асылсың сен, махаббат, расында.
Құлыпы мың құдірет сезімдесің.
Қинайтыны бұл сенің көз ілмесің,
Кезікпейтін жерлерде кезігесің.
Талайлардың тағдыры иығыңда,
Мұңайтасың сол сенің қиының да.
Жүрегі бар пенденің бәрі өзіңе,
Сүйенуге, үйренген сиынуға.
Сенен жанын сақтап қап кім аяды,
Қуанады сүйген жан, мұңаяды.
Сені іздеген елегізіп екіндіде,
Кәрі көңіл мұңайып, тыңаяды.
Сен тірлікке жыр бердің, әнді ұсындың,
Мен өзіңмен өмірді мәнді сүрдім.
Жалғыздықтың пердесін мәңгі ысырдым,
Жүрегімнің арнаймын алғысын мың.
Сері жүрек сертіңде тұрасың да,
Ұрпаққа ұрпақ жалғасып, ұласуда.
Бір асылды қосатын бір асылға,
Асылсың сен, махаббат, расында.