Бұрым

Махаббат туралы

Әлденеге жаңғыртты есім бүгін, Есімді алып жүретін есіл бұрым. Есіл бұрым еркем ең, еліктірген, Кесіліпсің бардай-ақ кес...

Әлденеге жаңғыртты есім бүгін,
Есімді алып жүретін есіл бұрым.
Есіл бұрым еркем ең, еліктірген,
Кесіліпсің бардай-ақ кесірлігің.

Жаңарады модалар, көнереді,
Кесілген шаш, көреміз шөмелені.
Бұрым іздеп көңілім еліреді,
Кешір мені моданың көбелегі.

Жыр еттім мен жарықтық несін мұның,
Есіме алдым тек сені есіл бұрым.
Есілдіріп еркем-ау сипаушы едім,
Есіл күндер өтіпті-ау, кешір Күнім!
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Махаббат туралы
Күні 31.05.2026