(Досжан Әміровке)
Білім қуып, заң мектебін бітіріп,
Өмір сында ұтып, кейде ұтылып,
Әділ болу парыздығын жіті ұғып,
Жат мінезден бойды адал күтініп.
Жақсы күндер бойға шуақ себелеп,
Аяқты да нықтап басып шегелеп.
Абырой мен бедел жиып керемет,
Тұрсың, Досжан, биік белес егелеп.
Адал еткен еңбегіңді ел елеп,
Құрметтейді өзгелерден сені ерек.
Бақытың мен билігің бар жетерлік,
Азаматқа мұнан артық не керек?
Қайырлы ісің, қайырымың қаншама,
Талайлар жүр әңгіме етіп тамсана.
Әділеттің көзіменен қарайсың,
Біліп, білмей заңды бұзған баршаға.
Бар қазақты көрмегенсің жатсынып,
Ақталар деп ерге артқан жақсы үміт,
Ақтауда ел орынтаққа мінгізді,
Бас қазылық лауазымын тапсырып.
Бауырларға қамқорлығың білініп,
Ағаларға танытасың інілік.
Ілтипатың, ізетіңнің өзінен,
Сезіледі саған біткен ірілік.
Шын биліктің құдіретін ұқтырып,
Орынтағың тұрғанымен ықтырып.
Көкіректі құр бекерге көтермеу,
Бұлдағы бір өзіңе тән мықтылық.
Аз артылды демес ешкім саған жүк,
Істерің көп жұрт өнеге аларлық.
Тегістіктен тініңді еш үзбейсің,
Танытасың туған жерге адалдық.
Мешіт құрып, тарту еттің зор елге,
Бір жақсысы жанашырсың өнерге.
Азаматтық тұлғаңды шын танытып,
Кең тыныстап келіп тұрсың кемелге.
Нұр шапағын сыйлап әрбір сәтті күн,
Миығыңнан кетпей күлкі, шаттығың,
Күннен күнге өрлей берсін мәртебең,
Көтере бер әділеттің ақ туын.
Білім қуып, заң мектебін бітіріп,
Өмір сында ұтып, кейде ұтылып,
Әділ болу парыздығын жіті ұғып,
Жат мінезден бойды адал күтініп.
Жақсы күндер бойға шуақ себелеп,
Аяқты да нықтап басып шегелеп.
Абырой мен бедел жиып керемет,
Тұрсың, Досжан, биік белес егелеп.
Адал еткен еңбегіңді ел елеп,
Құрметтейді өзгелерден сені ерек.
Бақытың мен билігің бар жетерлік,
Азаматқа мұнан артық не керек?
Қайырлы ісің, қайырымың қаншама,
Талайлар жүр әңгіме етіп тамсана.
Әділеттің көзіменен қарайсың,
Біліп, білмей заңды бұзған баршаға.
Бар қазақты көрмегенсің жатсынып,
Ақталар деп ерге артқан жақсы үміт,
Ақтауда ел орынтаққа мінгізді,
Бас қазылық лауазымын тапсырып.
Бауырларға қамқорлығың білініп,
Ағаларға танытасың інілік.
Ілтипатың, ізетіңнің өзінен,
Сезіледі саған біткен ірілік.
Шын биліктің құдіретін ұқтырып,
Орынтағың тұрғанымен ықтырып.
Көкіректі құр бекерге көтермеу,
Бұлдағы бір өзіңе тән мықтылық.
Аз артылды демес ешкім саған жүк,
Істерің көп жұрт өнеге аларлық.
Тегістіктен тініңді еш үзбейсің,
Танытасың туған жерге адалдық.
Мешіт құрып, тарту еттің зор елге,
Бір жақсысы жанашырсың өнерге.
Азаматтық тұлғаңды шын танытып,
Кең тыныстап келіп тұрсың кемелге.
Нұр шапағын сыйлап әрбір сәтті күн,
Миығыңнан кетпей күлкі, шаттығың,
Күннен күнге өрлей берсін мәртебең,
Көтере бер әділеттің ақ туын.