Дариға-ай, қандай жақсы көктем келді,
Аңсарым осы еді ғой көптен бергі.
Сағындым самсап шыққан қыр гүлдерін,
Көріп бір қайтайыншы көк белдерді.
Жоғалды мұз қармағы, ызғардағы,
Көп болды-ау ауыл жаққа біз барғалы.
Киініп қызыл-жасыл қыздардағы,
Көз тартар қырдың қазір қызғалдағы.
Жас кезде жүруші едік ойнап, шулап,
Барады ойлағанда жүрек тулап.
Ауылын балалықтың есіме алып,
Қайтайын қыр төсіне аунап, қунап.
Аспаннан асау бұлттар көшер неше,
Тамаша болар еді-ау нөсерлесе.
Ақ жауын құйып өтсе ағыл-тегіл,
Сенемін тасқа да гүл өсер десе.
Аймалап кең даланың самал желі,
Желпінтіп, желіктіріп алар мені.
Дән сеуіп, қыр төсінде құлын ойнап,
Қуанып жұрт көктемде қалар тегі.
Дариға-ай, қандай жақсы көктем келген,
Көсіліп жатсам еді көк белге мен.
Қысылып қыстан шығып тұрған елдің,
Қызығы осы емес пе көптен көрген.
Аңсарым осы еді ғой көптен бергі.
Сағындым самсап шыққан қыр гүлдерін,
Көріп бір қайтайыншы көк белдерді.
Жоғалды мұз қармағы, ызғардағы,
Көп болды-ау ауыл жаққа біз барғалы.
Киініп қызыл-жасыл қыздардағы,
Көз тартар қырдың қазір қызғалдағы.
Жас кезде жүруші едік ойнап, шулап,
Барады ойлағанда жүрек тулап.
Ауылын балалықтың есіме алып,
Қайтайын қыр төсіне аунап, қунап.
Аспаннан асау бұлттар көшер неше,
Тамаша болар еді-ау нөсерлесе.
Ақ жауын құйып өтсе ағыл-тегіл,
Сенемін тасқа да гүл өсер десе.
Аймалап кең даланың самал желі,
Желпінтіп, желіктіріп алар мені.
Дән сеуіп, қыр төсінде құлын ойнап,
Қуанып жұрт көктемде қалар тегі.
Дариға-ай, қандай жақсы көктем келген,
Көсіліп жатсам еді көк белге мен.
Қысылып қыстан шығып тұрған елдің,
Қызығы осы емес пе көптен көрген.