Көк ту

Отан туралы

Жанға сыйлар алауын, Желбіреген жалауым. Көгімдегі көк туым, Көңілдегі қалауым. Жарқырап күн-шырағым, Қалықтаған қыраны...

Жанға сыйлар алауын,
Желбіреген жалауым.
Көгімдегі көк туым,
Көңілдегі қалауым.

Жарқырап күн-шырағым,
Қалықтаған қыраным.
Көк байрағым – жыр-әнім,
Мақтан тұтып тұрамын.

Аспан түстес арайлым,
Көзім тоймай қараймын.
Көрген сайын өзіңді,
Бақытыма санаймын.

Қазақы ою-бедерің,
Жел тербеген желегім.
Өзің барда көңіл тоқ,
Ертеңіме сенемін.

Асып-тасқан айдыным,
Баға жетпес байлығым.
Желбірей бер көгімде,
Асқақтасын айбыным.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Отан туралы
Күні 31.05.2026