Арқада жасампаз жас қала,
Ұқсамас әлемде басқаға.
Бақытқа жол бастар бас қала,
Еңселі елорда - Астана.
Көрікті, елің бай, жері кең,
Ту тіккен Сарыарқа төрінен.
Секілді ол әсемдік әлемі,
Келгендей ертегі елінен.
Атағын кең жайып жаханға,
Айналған сәулетті шахарға.
Ханшатыр, Бәйтерек, Ақорда,
Тақ онда, байқасаң бақ онда.
Күлімдеп аспаннан ай дара,
Жұлдызы жымыңдар жай ғана.
Зәулім үй, әсем бақ айнала,
Береке ордасы, бай қала.
Көрген жан көз тігер таңдана,
Арманын тапқан жер сан бала.
Есіліп Есілі паңдана,
Құяды айдынды арнаға.
Елдіктің, ерліктің дастаны,
Ертеңге қол созған жастары.
Астана – алыптық асқары,
Бас қала – Барыстық бастауы.
Ән қала, бұл қала – жыр қала,
Жайнаған жап-жасыл гүл қала.
Шапағын шашатын нұрлана,
Күн қала-Астана –нұр қала.
Ұқсамас әлемде басқаға.
Бақытқа жол бастар бас қала,
Еңселі елорда - Астана.
Көрікті, елің бай, жері кең,
Ту тіккен Сарыарқа төрінен.
Секілді ол әсемдік әлемі,
Келгендей ертегі елінен.
Атағын кең жайып жаханға,
Айналған сәулетті шахарға.
Ханшатыр, Бәйтерек, Ақорда,
Тақ онда, байқасаң бақ онда.
Күлімдеп аспаннан ай дара,
Жұлдызы жымыңдар жай ғана.
Зәулім үй, әсем бақ айнала,
Береке ордасы, бай қала.
Көрген жан көз тігер таңдана,
Арманын тапқан жер сан бала.
Есіліп Есілі паңдана,
Құяды айдынды арнаға.
Елдіктің, ерліктің дастаны,
Ертеңге қол созған жастары.
Астана – алыптық асқары,
Бас қала – Барыстық бастауы.
Ән қала, бұл қала – жыр қала,
Жайнаған жап-жасыл гүл қала.
Шапағын шашатын нұрлана,
Күн қала-Астана –нұр қала.