Кімсіңдер, арулар?

Махаббат туралы

Ай десе айсыңдар, Мінезге байсыңдар, Жаныма жайсыңдар, Керемет көркіңе, Ақылы сайсыңдар. Паң десе паңсыңдар, Паң, кербе...

Ай десе айсыңдар,
Мінезге байсыңдар,
Жаныма жайсыңдар,
Керемет көркіңе,
Ақылы сайсыңдар.

Паң десе паңсыңдар,
Паң, кербез, жансыңдар.
Арбауға барсыңдар,
Арайлы таңсыңдар,
Аяулы жарсыңдар.

Көпсіңдер, азсыңдар,
Сағынтқан сазсыңдар.
Кінәмшіл, назсыңдар.
Қабағың қатса-қыс,
Жазылса – жазсыңдар.

Жырсыңдар, нұрсыңдар,
Құлпырып тұрсыңдар,
Құбылып тұрсыңдар.
Шешілмес шын жұмбақ,
Мәңгілік сырсыңдар.


Гүлсіңдер, күнсіңдер,
Сүйдіріп жүрсіңдер,
Күйдіріп жүрсіңдер.
Айтшы, беу, әйелдер,
Шынында кімсіңдер?!
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Махаббат туралы
Күні 31.05.2026