Халқыма қай кезде де керек ақын,
Сөзіне соның елі сене алатын.
Ақылмен арды ойлап айта білсе,
Ақынға түсе салып, береді атын.
Желдіріп жыр күймесін жегеді ақын,
Келтірер сөздің сәнін кемел ақын.
Өзгеше өрен ақын, бөлек ақын,
Кең ойлы өрелі ақын – Кенен ақын.
Өлеңді он өрім қып өре алатын,
Ойға от, жанға қуат бере алатын,
Теңдессіз терең ақын, шебер ақын,
Кенекем елі сүйген ерен ақын.
Тілінен төгіліп жыр селі ағатын,
Тынысын Кенен ақын кең алатын.
Шабытым келмеді деп шатып-бұтып,
Көбіміз былғап жүрміз өнер атын.
Өмірге әлі талай келер ақын,
Өздерін мықтымын дер нелер ақын.
Әрі ақын, әрі сазгер Кенен ақын,
Шынымен өтер ме екен сенен ақын?!
Сөзіне соның елі сене алатын.
Ақылмен арды ойлап айта білсе,
Ақынға түсе салып, береді атын.
Желдіріп жыр күймесін жегеді ақын,
Келтірер сөздің сәнін кемел ақын.
Өзгеше өрен ақын, бөлек ақын,
Кең ойлы өрелі ақын – Кенен ақын.
Өлеңді он өрім қып өре алатын,
Ойға от, жанға қуат бере алатын,
Теңдессіз терең ақын, шебер ақын,
Кенекем елі сүйген ерен ақын.
Тілінен төгіліп жыр селі ағатын,
Тынысын Кенен ақын кең алатын.
Шабытым келмеді деп шатып-бұтып,
Көбіміз былғап жүрміз өнер атын.
Өмірге әлі талай келер ақын,
Өздерін мықтымын дер нелер ақын.
Әрі ақын, әрі сазгер Кенен ақын,
Шынымен өтер ме екен сенен ақын?!
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді сіз қалдырыңыз.