Ауыл жақта тұрып қалдым, амал не,
Сауық-сайран құрып қалдым, амал не.
Ақылдының айтқандарын тыңдамай,
Ақымақ боп жүріп қалдым, амал не.
Жаспын деп көп ойнап қалдым, амал не,
Ойды бақпай, той баққанмын, амал не.
Кеткен күннің қайта айналып келмесін,
Кештеу барып ойлап қалдым, амал не.
Өз жолымды таңдап кеттім, амал не,
Қарын қамын қамдап кеттім, амал не.
Бітер істі бүтіндемей кезінде,
Өзімді-өзім алдап кеттім, амал не.
Естіге ермей елеске ердім, амал не,
Есірік боп егескенмін, амал не.
Берекесіз тірлік кешіп жүріп-ақ,
Белес-белес, белес көрдім, амал не.
Жазмышты аттап өте алмадым, амал не,
Мақсатыма жете алмадым, амал не.
Өмірімде өкініш көп болғанмен,
Одан безіп кете алмадым, амал не.
Алматыға сыйыспадым, амал не,
Ақындармен ұйыспадым, амал не.
Бар білерім жақсы де, әлде жаман де,
Маған лайық бір орын бар әлемде.
Сауық-сайран құрып қалдым, амал не.
Ақылдының айтқандарын тыңдамай,
Ақымақ боп жүріп қалдым, амал не.
Жаспын деп көп ойнап қалдым, амал не,
Ойды бақпай, той баққанмын, амал не.
Кеткен күннің қайта айналып келмесін,
Кештеу барып ойлап қалдым, амал не.
Өз жолымды таңдап кеттім, амал не,
Қарын қамын қамдап кеттім, амал не.
Бітер істі бүтіндемей кезінде,
Өзімді-өзім алдап кеттім, амал не.
Естіге ермей елеске ердім, амал не,
Есірік боп егескенмін, амал не.
Берекесіз тірлік кешіп жүріп-ақ,
Белес-белес, белес көрдім, амал не.
Жазмышты аттап өте алмадым, амал не,
Мақсатыма жете алмадым, амал не.
Өмірімде өкініш көп болғанмен,
Одан безіп кете алмадым, амал не.
Алматыға сыйыспадым, амал не,
Ақындармен ұйыспадым, амал не.
Бар білерім жақсы де, әлде жаман де,
Маған лайық бір орын бар әлемде.