Елім менің, егемендім, еңселім,
Ұлыңдамын, құлыңдамын мен сенің.
Гүліңдемін, үніңдемін мен сенің,
Сені мәңгі сүйіп өтем сенші елім.
Елім менің тарихы бай тағдырлым,
Сенде тудым, жан алауын жандырдың.
Құмыңда ойнап, құмарымды қандырдым,
Қырларыңда іздерімді қалдырдым.
Елім менің, айбыны асқан алыбым,
Сенде өстім, өркен жайдым, дамыдым.
Сенде жүріп өмір мәнін таныдым,
Қолдауыңмен ашылды бар дарыным.
Елім менің, ардақтаған асылым,
Сенде шалқып, шалқақтадым, тасыдым.
Жерің дарқан, қойнауың кен, халқың бай.
Сондықтан да әлем сенің ғашығың.
Елім менің, құдіреттім, қуаттым,
Жетеледің биігіне мұраттың.
Арқасында тәуелсіздік шуақтың,
Күннен күнге жайнай түстім, гүл аттым.
Елім менің, қасиеттім, қастерлім,
Бодандықта жапа шектің, жас көрдің.
Мың сынақтан аман өтіп жойылмай,
Бүгіндері бірі болдың басты елдің.
Елім менің, ынтымақты, ырыстым,
Баймын, шүкір, берекелі, тынышпын.
Бастаушысы болып талай ұлы істің,
Бар әлеммен тіл табыстым, ұғыстым.
Елім менің, ұлағаттым, ұлығым,
Сыйлағансың, құшағыңның жылуын.
Қанып іштім бұлағыңның тұнығын,
Тек өзіңде мәнді менің ғұмырым.
Бабалардан қалған менің байтағым,
Өзің барда бағым барын байқадым.
Елім жайлы сұрай қалса егерде,
Қазақстан Отаным деп айтамын.
Ұлыңдамын, құлыңдамын мен сенің.
Гүліңдемін, үніңдемін мен сенің,
Сені мәңгі сүйіп өтем сенші елім.
Елім менің тарихы бай тағдырлым,
Сенде тудым, жан алауын жандырдың.
Құмыңда ойнап, құмарымды қандырдым,
Қырларыңда іздерімді қалдырдым.
Елім менің, айбыны асқан алыбым,
Сенде өстім, өркен жайдым, дамыдым.
Сенде жүріп өмір мәнін таныдым,
Қолдауыңмен ашылды бар дарыным.
Елім менің, ардақтаған асылым,
Сенде шалқып, шалқақтадым, тасыдым.
Жерің дарқан, қойнауың кен, халқың бай.
Сондықтан да әлем сенің ғашығың.
Елім менің, құдіреттім, қуаттым,
Жетеледің биігіне мұраттың.
Арқасында тәуелсіздік шуақтың,
Күннен күнге жайнай түстім, гүл аттым.
Елім менің, қасиеттім, қастерлім,
Бодандықта жапа шектің, жас көрдің.
Мың сынақтан аман өтіп жойылмай,
Бүгіндері бірі болдың басты елдің.
Елім менің, ынтымақты, ырыстым,
Баймын, шүкір, берекелі, тынышпын.
Бастаушысы болып талай ұлы істің,
Бар әлеммен тіл табыстым, ұғыстым.
Елім менің, ұлағаттым, ұлығым,
Сыйлағансың, құшағыңның жылуын.
Қанып іштім бұлағыңның тұнығын,
Тек өзіңде мәнді менің ғұмырым.
Бабалардан қалған менің байтағым,
Өзің барда бағым барын байқадым.
Елім жайлы сұрай қалса егерде,
Қазақстан Отаным деп айтамын.