Көмейінде көне дәуір үні бар,
Көңілімізбен байланысты тіні бар.
Халқымыздың қасіреті, мұңы бар,
Домбыраның бір керемет сыры бар.
Қос ішектің құлақ күйін келтіріп,
Күй тартсаң тыңдай қалар ел тынып,
Қазағымның домбырасы сөйлесе,
Өз-өзінен сезім кетер серпіліп.
Туған елдің тарихы бар үнінде,
Далалықпен бірге туған түбінде.
Ғасырлардан аман жеткен бүгінге,
Сөйлейді ол сенің ана тіліңде.
Бұл домбыра – бабамыздың сарыны,
Бұл домбыра – даламыздың дабылы.
Дүбірлеткен тұлпарлардың арыны,
Зарықтырған замандардың зар үні.
Бұл домбыра сезім қылып шеріткен,
Бұл домбыра жүрек мұзын еріткен.
Есіткендер әуеніне еліткен,
Тарыққанда жан-жүйеңді кеңіткен.
Бұл домбыра аруана идірген,
Бұл домбыра көкейіңді күйдірген.
Айтпай-ақ арманыңды білдірген,
Аруларға бармағыңды сүйдірген.
Бұл домбыра - қазағымның айбыны,
Халқымыздың асыл мұра, байлығы.
Домбыраны қолға ұстаған кісінің,
Той-мереке, думан болар жай күні.
Бұл домбыра – жансерігің өмірде,
Ән-күй болып қонақтайды көңілге.
Бізге жеткен бабамыздың көзіндей,
Тұрады ол әр қазақтың төрінде.
Көңілімізбен байланысты тіні бар.
Халқымыздың қасіреті, мұңы бар,
Домбыраның бір керемет сыры бар.
Қос ішектің құлақ күйін келтіріп,
Күй тартсаң тыңдай қалар ел тынып,
Қазағымның домбырасы сөйлесе,
Өз-өзінен сезім кетер серпіліп.
Туған елдің тарихы бар үнінде,
Далалықпен бірге туған түбінде.
Ғасырлардан аман жеткен бүгінге,
Сөйлейді ол сенің ана тіліңде.
Бұл домбыра – бабамыздың сарыны,
Бұл домбыра – даламыздың дабылы.
Дүбірлеткен тұлпарлардың арыны,
Зарықтырған замандардың зар үні.
Бұл домбыра сезім қылып шеріткен,
Бұл домбыра жүрек мұзын еріткен.
Есіткендер әуеніне еліткен,
Тарыққанда жан-жүйеңді кеңіткен.
Бұл домбыра аруана идірген,
Бұл домбыра көкейіңді күйдірген.
Айтпай-ақ арманыңды білдірген,
Аруларға бармағыңды сүйдірген.
Бұл домбыра - қазағымның айбыны,
Халқымыздың асыл мұра, байлығы.
Домбыраны қолға ұстаған кісінің,
Той-мереке, думан болар жай күні.
Бұл домбыра – жансерігің өмірде,
Ән-күй болып қонақтайды көңілге.
Бізге жеткен бабамыздың көзіндей,
Тұрады ол әр қазақтың төрінде.