Қырда туып, құмда өстім далада,
Қала таңсық қырда өскен балаға.
Қызық көріп келген едім қалаға,
Бұзық көріп, қайтып кеттім далаға.
Ақыл тауып, айналсам деп данаға,
Ғылым нұрын құймақ болып санаға,
Білім қуып келген едім қалаға,
Диплом алып қайтып кеттім далаға.
Жаны құштар жақсылыққа, жаңаға,
Жастық шақта сірә құмар қана ма?
Арман қуып келген едім қалаға,
Ару тауып, қайтып кеттім далаға.
Күнің қарап бірер ірі қараға,
Тірлігің де соға бермес шамаға.
Жұмыс іздеп келген едім қалаға,
Қоныс таппай, қайтып кеттім далаға.
Жусан исі сіңіп қалған санама,
Таба алмадым далама еш балама.
Жастық өтіп, түскен шақта сабама,
Енді келіп сия алмаспын қалаңа.
Қала таңсық қырда өскен балаға.
Қызық көріп келген едім қалаға,
Бұзық көріп, қайтып кеттім далаға.
Ақыл тауып, айналсам деп данаға,
Ғылым нұрын құймақ болып санаға,
Білім қуып келген едім қалаға,
Диплом алып қайтып кеттім далаға.
Жаны құштар жақсылыққа, жаңаға,
Жастық шақта сірә құмар қана ма?
Арман қуып келген едім қалаға,
Ару тауып, қайтып кеттім далаға.
Күнің қарап бірер ірі қараға,
Тірлігің де соға бермес шамаға.
Жұмыс іздеп келген едім қалаға,
Қоныс таппай, қайтып кеттім далаға.
Жусан исі сіңіп қалған санама,
Таба алмадым далама еш балама.
Жастық өтіп, түскен шақта сабама,
Енді келіп сия алмаспын қалаңа.