Бәз баяғы, бәрі де бәз баяғы,
Наз баяғы, сабырлы саз баяғы.
Жалын лепті, жарықтық, жаз баяғы,
Даламның да бойында өз бояуы.
Мені осылай ауылым қарсы алып тұр,
Келбетіне қараймын тамсанып бір.
Құшағында табысып қуанышпен,
Лүпілдеген жүрегім жар салып тұр.
Бәз баяғы, дегенім сөз баяғы,
Жаз баяғы демесең саз баяғы,
Даламның да демесең өз бояуы,
Өзгеріс көп, қарасаң көзді ояды.
Бәз баяғы дегенім жалған екен,
Бала көңіл сақтаған арман екен.
Жастарының көбісін танымадым,
Танитын егделер аз қалған екен.
Көшелері гүлденіп, түрленіп,
Ауыл тіпті кетіпті іріленіп.
Адамы да кеткен-ау өзгеріп бұл,
Бірі кеткен өмірге бірі келіп.
Наз баяғы, сабырлы саз баяғы.
Жалын лепті, жарықтық, жаз баяғы,
Даламның да бойында өз бояуы.
Мені осылай ауылым қарсы алып тұр,
Келбетіне қараймын тамсанып бір.
Құшағында табысып қуанышпен,
Лүпілдеген жүрегім жар салып тұр.
Бәз баяғы, дегенім сөз баяғы,
Жаз баяғы демесең саз баяғы,
Даламның да демесең өз бояуы,
Өзгеріс көп, қарасаң көзді ояды.
Бәз баяғы дегенім жалған екен,
Бала көңіл сақтаған арман екен.
Жастарының көбісін танымадым,
Танитын егделер аз қалған екен.
Көшелері гүлденіп, түрленіп,
Ауыл тіпті кетіпті іріленіп.
Адамы да кеткен-ау өзгеріп бұл,
Бірі кеткен өмірге бірі келіп.