Біздің ұрпақ жолды тапқан қиыннан,
Еншісіне егемендік бұйырған.
Бірлігі мол, мықты елміз мызғымас,
Қазақстан шын құрыштан құйылған.
Көк байрағы желбіреген көгінде,
Бақыт құсы мәңгі қонған төрінде,
Қазақ елі – қасиетті құт мекен,
Қайта туып, қайта келген өмірге.
Жері байтақ, кең көсілген даламыз,
Тегімізді Сақ пен Ғұннан аламыз.
Бодандыққа бағынбаған санамыз,
Туылғанда ер қып туған анамыз.
Қиын сәтте, құруға сәл қалғанда,
Тәуелсіз боп, жеттік нағыз арманға.
Үмітпенен, сенімменен қараймыз,
Алаулаумен атқан жаңа таңдарға.
Өткен күні өкінішке толы елміз,
Келер күнге кемелденіп келерміз.
Сан қырғыннан аман шыққан өр елміз,
Дүниемен бірге жасай берерміз.
Ертеңіне бастау болған бүгіні,
Қандай жақсы егемендік ұғымы.
Қазақ елі – мәңгілік ел жасампаз,
Биіктей бер тәуелсіздік тұғыры.
Еншісіне егемендік бұйырған.
Бірлігі мол, мықты елміз мызғымас,
Қазақстан шын құрыштан құйылған.
Көк байрағы желбіреген көгінде,
Бақыт құсы мәңгі қонған төрінде,
Қазақ елі – қасиетті құт мекен,
Қайта туып, қайта келген өмірге.
Жері байтақ, кең көсілген даламыз,
Тегімізді Сақ пен Ғұннан аламыз.
Бодандыққа бағынбаған санамыз,
Туылғанда ер қып туған анамыз.
Қиын сәтте, құруға сәл қалғанда,
Тәуелсіз боп, жеттік нағыз арманға.
Үмітпенен, сенімменен қараймыз,
Алаулаумен атқан жаңа таңдарға.
Өткен күні өкінішке толы елміз,
Келер күнге кемелденіп келерміз.
Сан қырғыннан аман шыққан өр елміз,
Дүниемен бірге жасай берерміз.
Ертеңіне бастау болған бүгіні,
Қандай жақсы егемендік ұғымы.
Қазақ елі – мәңгілік ел жасампаз,
Биіктей бер тәуелсіздік тұғыры.