Бауыры кең Отан

Отан туралы

Бақ іздеп әлем кеземін, Талады сонда өзегім. Шаттықты сенде сеземін, Сүйікті менің өз елім. Өзіңде байлық ырыс-құт, Өзі...

Бақ іздеп әлем кеземін,
Талады сонда өзегім.
Шаттықты сенде сеземін,
Сүйікті менің өз елім.

Өзіңде байлық ырыс-құт,
Өзіңде достық, туыстық.
Өзіңде бірлік, тыныштық,
Құшағың неткен тым ыстық.

Мұратың биік, даңқың бай,
Халық жоқ сенің халқыңдай.
Ерліктің туын көтеру,
Елімнің асыл салтындай.

Өзіңсің бақыт жұлдызы,
Өзіңсің гүлдер қырмызы.
Өзің деп, Отан, ән салар,
Егемен елдің ұл-қызы.

Арманы сенсің бабамның,
Орманы сенсің даламның.
Ғашығы сенсің ғаламның,
Қорғаны сенсің баламның.

Бауырың, Отан, кең екен,
Өзіңе қай ел тең екен.
Бақытым, сенсің берекем,
Мерейім, сенсің мерекем!
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Отан туралы
Күні 31.05.2026