Сен тудың туды менде үміт деген,
Құрығыр егіз екен күдікпенен.
Таудай деп талабыңнан үміттенем,
Жеңіл деп мінезіңнен күдіктенем.
Сен тудың мінді бір жүк мойыныма,
Мың жүкке әке пақыр мойыды ма?!
Сүйсіндім қылығыңа, ойыныңа,
Өмірге алғаш қадам қоюыңа.
Сен тудың туды менде арман деген,
Арманға толы мына жалған деген.
Ісіңе кейде көңілім толғанменен,
Кей-кейде ақталмай-ақ қалған дәмем.
Сен тудың қонды бақыт қасыма кеп,
Қасына бар жақсылық қосыла кеп,
Көз тастайм бойыңа да, ойыңа да,
Бұл менің болашағым осы ма деп.
Осылай сен екенсің бала деген,
Мың сауал, мың бір міндет ала келген.
Сен келіп мен өзгеріп сала бергем,
Өзімнің балалығым қала берген.
Осы екен әке деген, әке деген
Қолым жетпес, айды балам әперер ем,
Дегенмен тайды балам әкелем мен,
Бөлісіп ауырыңды көтерем мен.
Өйткені солай екен әке деген,
Баласын жетелеген, мәпелеген.
***
Ажырамас екеуміз егіздейміз,
Бірімізді біріміз неге іздейміз?!
Бірімізсіз біріміз құлазимыз,
Бірге болсақ шалқыған теңіздейміз.
Бір-біріне сүйенген шынардаймыз,
Бірімізге біріміз сыңардаймыз.
Бірімізсіз біріміз тұра алмаймыз,
Қопарылып тамырдан құлардаймыз.
Егіздейміз Ай менен Күн секілді,
Бірімізсіз қараңғы түн секілді,
Өмір емес өмірде мұң секілді,
Айтпай кету дәл мұны мін секілді.
Бірімізді біріміз жолықтырып,
Бірімізді біріміз толықтырып,
Біз бақытты болғанбыз осылайша,
Барымызды көбейтіп, молықтырып.
Сен келін, мен бір елге күйеу болып,
Бірімізге біріміз сүйеу болып,
Бірімізге біріміз тіреу болып,
Жасап жүрміз екеуміз біреу болып.
Құрығыр егіз екен күдікпенен.
Таудай деп талабыңнан үміттенем,
Жеңіл деп мінезіңнен күдіктенем.
Сен тудың мінді бір жүк мойыныма,
Мың жүкке әке пақыр мойыды ма?!
Сүйсіндім қылығыңа, ойыныңа,
Өмірге алғаш қадам қоюыңа.
Сен тудың туды менде арман деген,
Арманға толы мына жалған деген.
Ісіңе кейде көңілім толғанменен,
Кей-кейде ақталмай-ақ қалған дәмем.
Сен тудың қонды бақыт қасыма кеп,
Қасына бар жақсылық қосыла кеп,
Көз тастайм бойыңа да, ойыңа да,
Бұл менің болашағым осы ма деп.
Осылай сен екенсің бала деген,
Мың сауал, мың бір міндет ала келген.
Сен келіп мен өзгеріп сала бергем,
Өзімнің балалығым қала берген.
Осы екен әке деген, әке деген
Қолым жетпес, айды балам әперер ем,
Дегенмен тайды балам әкелем мен,
Бөлісіп ауырыңды көтерем мен.
Өйткені солай екен әке деген,
Баласын жетелеген, мәпелеген.
***
Ажырамас екеуміз егіздейміз,
Бірімізді біріміз неге іздейміз?!
Бірімізсіз біріміз құлазимыз,
Бірге болсақ шалқыған теңіздейміз.
Бір-біріне сүйенген шынардаймыз,
Бірімізге біріміз сыңардаймыз.
Бірімізсіз біріміз тұра алмаймыз,
Қопарылып тамырдан құлардаймыз.
Егіздейміз Ай менен Күн секілді,
Бірімізсіз қараңғы түн секілді,
Өмір емес өмірде мұң секілді,
Айтпай кету дәл мұны мін секілді.
Бірімізді біріміз жолықтырып,
Бірімізді біріміз толықтырып,
Біз бақытты болғанбыз осылайша,
Барымызды көбейтіп, молықтырып.
Сен келін, мен бір елге күйеу болып,
Бірімізге біріміз сүйеу болып,
Бірімізге біріміз тіреу болып,
Жасап жүрміз екеуміз біреу болып.