Ассалаумағалейкүм, сәлем бердім,
«Нұры жаусын Алланың саған» дермін.
Сәлім берсем қуанып шын пейілмен,
Сағынып-ақ жүр едім, аман көрдім.
Құдайға құл, Мұхаммед үмбетімін,
Келсе деймін сәлемге күнде тілім.
Бірі осы пайғамбар сүндетінің,
Бірі осы пенденің міндетінің.
Қасиетті дәстүр бұл қанға сіңді,
Білмесем де аларың, алмасыңды,
Білдірумен мейірлі пейілімді,
Сәлем беріп, иемін, хан басымды.
Тегін емес тереңде жатса мәні,
Ізеттілік шегі ол асқаралы.
Табысың да сәлемге байланысты,
Танысу да сәлемнен басталады.
Ассалаумағалейкүм, аманбысың,
Ақ пейілді ұшырам саған құсын?!
Жатырқамай, жатсынбай, көрген жерде,
Сәлем берем, болғаны адамбысың.
Адамның бұл адамға махаббаты,
Сәлем берме мықты деп атақ-аты.
«Уағалейкүмассалам» деген сөзден,
Құйылады Алланың шапағаты.
Өмір қысқа, қадірін түсінейік,
Мақұлық боп кетпейік кісі кейіп.
Жасы үлкенге, жақсыға, жамағатқа,
Сәлем берсек қалмаймыз кішірейіп.
Азамат па сәлемге жарайтын деп,
Сәлеміңнің түзуін қалайтын көп.
Кездескенде жатсынбай барша жанға,
Тұрайықшы «Ассалаумағалейкүм!» деп.
Сәлемнің де салмағы, жүгі бар шын,
Мағынасын өзің-ақ ұғынарсың.
Ассалаумағалейкүм, әй, адамдар,
Баршаңызға Алланың нұры жаусын!
«Нұры жаусын Алланың саған» дермін.
Сәлім берсем қуанып шын пейілмен,
Сағынып-ақ жүр едім, аман көрдім.
Құдайға құл, Мұхаммед үмбетімін,
Келсе деймін сәлемге күнде тілім.
Бірі осы пайғамбар сүндетінің,
Бірі осы пенденің міндетінің.
Қасиетті дәстүр бұл қанға сіңді,
Білмесем де аларың, алмасыңды,
Білдірумен мейірлі пейілімді,
Сәлем беріп, иемін, хан басымды.
Тегін емес тереңде жатса мәні,
Ізеттілік шегі ол асқаралы.
Табысың да сәлемге байланысты,
Танысу да сәлемнен басталады.
Ассалаумағалейкүм, аманбысың,
Ақ пейілді ұшырам саған құсын?!
Жатырқамай, жатсынбай, көрген жерде,
Сәлем берем, болғаны адамбысың.
Адамның бұл адамға махаббаты,
Сәлем берме мықты деп атақ-аты.
«Уағалейкүмассалам» деген сөзден,
Құйылады Алланың шапағаты.
Өмір қысқа, қадірін түсінейік,
Мақұлық боп кетпейік кісі кейіп.
Жасы үлкенге, жақсыға, жамағатқа,
Сәлем берсек қалмаймыз кішірейіп.
Азамат па сәлемге жарайтын деп,
Сәлеміңнің түзуін қалайтын көп.
Кездескенде жатсынбай барша жанға,
Тұрайықшы «Ассалаумағалейкүм!» деп.
Сәлемнің де салмағы, жүгі бар шын,
Мағынасын өзің-ақ ұғынарсың.
Ассалаумағалейкүм, әй, адамдар,
Баршаңызға Алланың нұры жаусын!