Мен өлсем өлермін-ау, тіл өлмесін,
Не пайда мен тірі боп, тіл өлгесін.
Атамнан алып қалған асылымның,
Тағдыры тығырыққа тірелмесін.
Мен өлсем өлермін-ау, сөз өлмесін,
Бабамның аманаты, көзі өлмесін.
Болмасын аманатқа шын қиянат,
Ажал оқ ана тілге кезенбесін.
Барында ана тілім күнде думан,
Ол баста бабалармен бірге туған.
Әжемнің әлдилеген әні болып,
Тербетіп бесігімді түнде тұрған.
Ана деп алғаш менің тілім шыққан,
Халқым деп таңым атып, күнім шыққан.
Өлуге тиіс емес өткір тілім,
Дұшпанның атой салсам туын жыққан.
Тозбасын қазақ тілі, көнермесін,
Не пайда біз бар болып, ол өлгесін.
Айырылсам ата салттан, ана тілден,
Белгілі өркен жайып көгермесім.
Өзгенің керек емес маған түгі,
Тіл өлсе бірге өлер санам түбі.
Қазағым жасау үшін аман, тірі,
Жасай бер, аман-есен анам тілі.
Не пайда мен тірі боп, тіл өлгесін.
Атамнан алып қалған асылымның,
Тағдыры тығырыққа тірелмесін.
Мен өлсем өлермін-ау, сөз өлмесін,
Бабамның аманаты, көзі өлмесін.
Болмасын аманатқа шын қиянат,
Ажал оқ ана тілге кезенбесін.
Барында ана тілім күнде думан,
Ол баста бабалармен бірге туған.
Әжемнің әлдилеген әні болып,
Тербетіп бесігімді түнде тұрған.
Ана деп алғаш менің тілім шыққан,
Халқым деп таңым атып, күнім шыққан.
Өлуге тиіс емес өткір тілім,
Дұшпанның атой салсам туын жыққан.
Тозбасын қазақ тілі, көнермесін,
Не пайда біз бар болып, ол өлгесін.
Айырылсам ата салттан, ана тілден,
Белгілі өркен жайып көгермесім.
Өзгенің керек емес маған түгі,
Тіл өлсе бірге өлер санам түбі.
Қазағым жасау үшін аман, тірі,
Жасай бер, аман-есен анам тілі.