Ақынбыз десек айып па,
Сырды жүр өлең жайып та?
Бағасын берер бал сөздің,
Барғандар ғана байыпқа.
Жамылып түгел жыр атын,
Жарысқа түсер мың ақын.
Ақсатқан сөздің мұратын,
Ақынның көбі құр ақын.
Жыр дода – бұл да бір дода,
Ілгері, кейін мұнда да.
Жеткізер ойды мақсатқа,
Жанкешті жандар бір ғана.
Жыр деген жанның айқайы,
Талайлар оны байқады.
Ділімен біреу айтады,
Тілімен біреу айтады.
Жетеді оның азабы,
Алады күнде мазаны.
Сиямен біреу жазады,
Қанымен біреу жазады.
Бәрі де тынбай жыр етер,
Бірінен сөздің бірі өтер.
Айтатын жерге келгенде,
Абайдан асып кім өтер.
Сырды жүр өлең жайып та?
Бағасын берер бал сөздің,
Барғандар ғана байыпқа.
Жамылып түгел жыр атын,
Жарысқа түсер мың ақын.
Ақсатқан сөздің мұратын,
Ақынның көбі құр ақын.
Жыр дода – бұл да бір дода,
Ілгері, кейін мұнда да.
Жеткізер ойды мақсатқа,
Жанкешті жандар бір ғана.
Жыр деген жанның айқайы,
Талайлар оны байқады.
Ділімен біреу айтады,
Тілімен біреу айтады.
Жетеді оның азабы,
Алады күнде мазаны.
Сиямен біреу жазады,
Қанымен біреу жазады.
Бәрі де тынбай жыр етер,
Бірінен сөздің бірі өтер.
Айтатын жерге келгенде,
Абайдан асып кім өтер.