Бөлек-бөлек жаралып ек басында,
Белді будық аяқты тең басуға.
Содан бері екеуміз қол ұстасып,
Сен қасымда келесің, сен қасымда.
Бұл тірліктен бірде шат, бірде жеріп,
Жалғыз күлше жейміз біз бірге бөліп.
Қиындықты, қызықты бірге көріп,
Бір көгеріп келеміз, бірге көніп.
Шырқыратып шілдеде, бұрқасында,
Тірлік шіркін салады күнде сынға.
Тәтті өмірде, қиын, мәз сәттерімде,
Мұңдасым да өзіңсің, сырласым да.
Жастық қалды десек те жар басында,
Асығамыз аптығып, алға асуға.
Тек өзіңмен ұрпағым өсіп, өніп,
Жақсылыққа жақсылық жалғасуда.
Мін жетеді іздесең бір басымда,
Келе жатсың жерімей кіл қасымда.
Қадіріңді кей-кейде білмей қалам,
Тіпті жақын жанымда тұрғасын ба?!
Бірде кеңмін, басамын бірде ашуға,
Мұң басым ба, көңілден жыр қашуда.
Қиянға алыс жетелер қиял кейде,
Қылтияды қоңыр күз қыр басында.
Білем күндер мәңгілік тұрмасын да,
Жетер ме өмір сірә да бір ғасырға.
Жарық дүние жанымнан баз кешкенше,
Асыл жарым, тек өзің жүр қасымда.
Белді будық аяқты тең басуға.
Содан бері екеуміз қол ұстасып,
Сен қасымда келесің, сен қасымда.
Бұл тірліктен бірде шат, бірде жеріп,
Жалғыз күлше жейміз біз бірге бөліп.
Қиындықты, қызықты бірге көріп,
Бір көгеріп келеміз, бірге көніп.
Шырқыратып шілдеде, бұрқасында,
Тірлік шіркін салады күнде сынға.
Тәтті өмірде, қиын, мәз сәттерімде,
Мұңдасым да өзіңсің, сырласым да.
Жастық қалды десек те жар басында,
Асығамыз аптығып, алға асуға.
Тек өзіңмен ұрпағым өсіп, өніп,
Жақсылыққа жақсылық жалғасуда.
Мін жетеді іздесең бір басымда,
Келе жатсың жерімей кіл қасымда.
Қадіріңді кей-кейде білмей қалам,
Тіпті жақын жанымда тұрғасын ба?!
Бірде кеңмін, басамын бірде ашуға,
Мұң басым ба, көңілден жыр қашуда.
Қиянға алыс жетелер қиял кейде,
Қылтияды қоңыр күз қыр басында.
Білем күндер мәңгілік тұрмасын да,
Жетер ме өмір сірә да бір ғасырға.
Жарық дүние жанымнан баз кешкенше,
Асыл жарым, тек өзің жүр қасымда.