Ақын да туады екен, өледі екен

Өзім туралы

Өмір бұл аз-ақ күндік шуақ екен, Тоқтаусыз айлар жылды қуады екен. Ешкім де өлмейтұғын сайтан емес, Адамзат өлу үшін туа...

Өмір бұл аз-ақ күндік шуақ екен,
Тоқтаусыз айлар жылды қуады екен.
Ешкім де өлмейтұғын сайтан емес,
Адамзат өлу үшін туады екен.

Жыр жазу өзінше бір өнер екен,
Жазғандар қиындыққа көнеді екен.
Өлеңі мәңгі өмір сүргенімен,
Ақын да туады екен, өледі екен.

Сөздері ақындардың сөз-ақ екен,
Сөз табу шын азаптың өзі-ақ екен.
Аңдамай ғайбат сөйлеп қояр болсақ,
Баратын жеріміз тек тозақ екен.

Демеймін неге тудым, неге өлемін?
Шебер боп өлең сөзді шегеледім.
Тілінен табар болса егер пенде,
Ұжмаққа апарады мені өлеңім.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өзім туралы
Күні 30.05.2026