Аңсау

Өмір туралы

Бақытты, бейқам бал күн-ай, Белуардан кешкен шалғын-ай. Тағдыр-ай, Сан қилы күйге салдың-ай, Тамдытау артта қалдың-ай. ...

Бақытты, бейқам бал күн-ай,
Белуардан кешкен шалғын-ай.
Тағдыр-ай,
Сан қилы күйге салдың-ай,
Тамдытау артта қалдың-ай.

Таулар-ай, биік таулар-ай,
Тамылжып атқан таңдар-ай.
Арман-ай,
Аласапыран заманда,
Адасып елдің қалғаны-ай.
Қырлар-ай, қызыл құмдар-ай,
Қызғалдақ терген күндер-ай.
Күндер-ай,
Зуламай, бекер, зырламай,
Күлкімді қайтар ұрламай.

Бауыры байтақ, жері бай,
Қызылқұм әсем өңір-ай.
Өмір-ай,
Алыста атажұртыңды,
Аңсаумен жүрген елім-ай.

Көңілі жарым, сырты жай,
Шалғайда қалған жұртым-ай.
Шіркін-ай,
Аңсаған атажұртыңа,
Ораларсың-ау бір күні-ай!
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026