Соғысты көріп кинодан,
Көзінің жасын тимаған,
Әжейдің жайын сезем де,
Еріксіз мен де қиналам.
Өксітіп жүрген көптен кіл,
Бітпейтін жара неткен бұл?
Майданға жөнеп жан жары,
Оралмай содан кеткен бұл.
Өрт еді соғыс жанған бір,
Ертерек солды арман жыр.
Жиырмаға жетпей келіншек,
Жесір боп сонда қалған бұл.
Сиреткен талай қатарды,
Соғыстың заңы қатал-ды.
Жеңістен бұрын туған ұл,
Туа сап жетім атанды.
Демесең құрғыр өлмеді,
Аз болған жоқ-ау көргені.
Ерге шық деген талайға,
Жалғыз ұл үшін көнбеді.
Бүгінде өскен ұрпағы,
Әжейдің жайнап тұр бағы.
Соғысты көріп кинодан,
Жылайды кейде ол тағы.
Көзінің жасын тимаған,
Әжейдің жайын сезем де,
Еріксіз мен де қиналам.
Өксітіп жүрген көптен кіл,
Бітпейтін жара неткен бұл?
Майданға жөнеп жан жары,
Оралмай содан кеткен бұл.
Өрт еді соғыс жанған бір,
Ертерек солды арман жыр.
Жиырмаға жетпей келіншек,
Жесір боп сонда қалған бұл.
Сиреткен талай қатарды,
Соғыстың заңы қатал-ды.
Жеңістен бұрын туған ұл,
Туа сап жетім атанды.
Демесең құрғыр өлмеді,
Аз болған жоқ-ау көргені.
Ерге шық деген талайға,
Жалғыз ұл үшін көнбеді.
Бүгінде өскен ұрпағы,
Әжейдің жайнап тұр бағы.
Соғысты көріп кинодан,
Жылайды кейде ол тағы.