Жақсы істерге жұмылдырып нар күшті,
Көре жүріп арпалыс пен тартысты,
Ата болып ақ сақалды, сары тісті,
Шүкір біз де алдық асқар алпысты.
Басымызға төңкергендей бар қысты,
Шашымызға қырау түгіл қар түсті.
Көңлімізге кірбің қонып, шаң түсті,
Аңсан деуге болмайды екен алпысты.
Ойдағыдай орындадық жалпы істі,
Ұрпақ өсті, отау тікті, жар құшты.
Абыройлы ақсақалмыз паң түсті,
Жаман деуге аузың бармас алпысты.
Бетте әжім, төмендетіп әл-күшті,
Уақыт өзі сиреткенмен сан тісті,
Ой баяғы, кеудемізге нан пісті,
Мақтанамыз, мақтаймыз кеп алпысты.
Талайларға елестетер талтүсті,
Алпыс жаста мағына мол, мән күшті,
Қарсы алып сансыз көктем, сан қысты,
Көрсең, шіркін, тағы да бір алпысты.
Көре жүріп арпалыс пен тартысты,
Ата болып ақ сақалды, сары тісті,
Шүкір біз де алдық асқар алпысты.
Басымызға төңкергендей бар қысты,
Шашымызға қырау түгіл қар түсті.
Көңлімізге кірбің қонып, шаң түсті,
Аңсан деуге болмайды екен алпысты.
Ойдағыдай орындадық жалпы істі,
Ұрпақ өсті, отау тікті, жар құшты.
Абыройлы ақсақалмыз паң түсті,
Жаман деуге аузың бармас алпысты.
Бетте әжім, төмендетіп әл-күшті,
Уақыт өзі сиреткенмен сан тісті,
Ой баяғы, кеудемізге нан пісті,
Мақтанамыз, мақтаймыз кеп алпысты.
Талайларға елестетер талтүсті,
Алпыс жаста мағына мол, мән күшті,
Қарсы алып сансыз көктем, сан қысты,
Көрсең, шіркін, тағы да бір алпысты.