Адам деп атаған соң адамбыз,
Әйтпесе шетімізден наданбыз.
Бірімізден біріміз өткен жаманбыз,
Ақша мен байлыққа ғана алаңбыз.
Беруге жоқ, алуға жарармыз,
Қумыз, тілемсекпіз, сараңбыз.
Құнымыз тиын да тұрмаймыз,
Ар-ұят дегеннен жұрдаймыз.
Өзімізден өзіміз ұрлаймыз,
Өтсе тезекті де пұлдаймыз,
Ақылды жүре тыңдаймыз,
Басты тасқа ұрмай тынбаймыз.
Жақсының ізіне түсеміз,
Арам демей арақты ішеміз.
Бос болғанымен кісеміз,
Күмпиіп келіп ісеміз.
Безірейіп бекерге бөсеміз,
Болмасқа күйіп, пісеміз.
Кірісімізден, шығысымыз көп,
Талас-тартыс, ұрысымыз көп.
Мақтайтындай бір ісіміз жоқ,
Жаратқанмен жұмысымыз жоқ,
Бос сандалбай жүрісіміз көп.
Шынында да дұрысымыз жоқ.
Ірі дейтіндей емес, тіріміз,
Діліміз түгіл таза емес тіліміз.
Шаттығымыздан көптеу мұңымыз,
Ақылды мақұлықтың біріміз.
Құдайдың ғана емес,
Жағдайдың да құлымыз.
Осы біздің келбет, түріміз.
Әйтпесе шетімізден наданбыз.
Бірімізден біріміз өткен жаманбыз,
Ақша мен байлыққа ғана алаңбыз.
Беруге жоқ, алуға жарармыз,
Қумыз, тілемсекпіз, сараңбыз.
Құнымыз тиын да тұрмаймыз,
Ар-ұят дегеннен жұрдаймыз.
Өзімізден өзіміз ұрлаймыз,
Өтсе тезекті де пұлдаймыз,
Ақылды жүре тыңдаймыз,
Басты тасқа ұрмай тынбаймыз.
Жақсының ізіне түсеміз,
Арам демей арақты ішеміз.
Бос болғанымен кісеміз,
Күмпиіп келіп ісеміз.
Безірейіп бекерге бөсеміз,
Болмасқа күйіп, пісеміз.
Кірісімізден, шығысымыз көп,
Талас-тартыс, ұрысымыз көп.
Мақтайтындай бір ісіміз жоқ,
Жаратқанмен жұмысымыз жоқ,
Бос сандалбай жүрісіміз көп.
Шынында да дұрысымыз жоқ.
Ірі дейтіндей емес, тіріміз,
Діліміз түгіл таза емес тіліміз.
Шаттығымыздан көптеу мұңымыз,
Ақылды мақұлықтың біріміз.
Құдайдың ғана емес,
Жағдайдың да құлымыз.
Осы біздің келбет, түріміз.