Тіршіліктің таусылмайды көп ісі,
Бәрінен де қинайтыны сонысы.
Өмір деген жүректердің соғысы,
Өмір деген – мүдделердің тоғысы.
Арпалыс пен айқаста өтер әр күні,
Қай кезде де асқақ тұрсын ар туы.
Өмір деген – бойда қанның шалқуы,
Өмір деген – тағдырыңның тартуы.
Қатар жүрер күдігің мен сенімің,
Тірлік кешу теңдесі жоқ кең ұғым.
Өмір деген – жеңілуің, жеңуің,
Өмір деген – жануың мен сөнуің.
Болашаққа бас қатырып жатпағын,
Тұтата біл жанның жалын шақпағын.
Өмір деген – бергенің мен алғаның,
Өмір деген жоғалтқаның тапқаның.
Қайғыны ойлап бекер қабақ шытпағын,
Тірі жүрсең бақытым деп ұқ мәнін.
Өмір деген - ұтылғаның, ұтқаның,
Өмір деген – жығылғаның, жыққаның.
Көп жасауды мақсатым деп білесің,
Бар күніңді үмітпенен сүресің.
Өмір деген – табысың мен үлесің,
Өмір деген - тартысың мен күресің.
Бірде шаттық, тағдыр бірде артты мұң,
Ауырсынбай тіршіліктің тарт жүгін.
Өмір деген - қаралығың, мәрттігің,
Өмір деген – балалығың, қарттығың.
Жеміс берсе еккенің мен сепкенің,
Онда анық мақсатыңа жеткенің.
Өмір деген – бүгінің мен өткенің,
Өмір деген – келгенің мен кеткенің.
Әлсіз қалып, мықты шыңға шығатын,
Өмір – майдан айқастардан тұратын.
Өшпеу үшін Адам деген ұлы атың,
Биік болсын өмірде тек мұратың.
Бәрінен де қинайтыны сонысы.
Өмір деген жүректердің соғысы,
Өмір деген – мүдделердің тоғысы.
Арпалыс пен айқаста өтер әр күні,
Қай кезде де асқақ тұрсын ар туы.
Өмір деген – бойда қанның шалқуы,
Өмір деген – тағдырыңның тартуы.
Қатар жүрер күдігің мен сенімің,
Тірлік кешу теңдесі жоқ кең ұғым.
Өмір деген – жеңілуің, жеңуің,
Өмір деген – жануың мен сөнуің.
Болашаққа бас қатырып жатпағын,
Тұтата біл жанның жалын шақпағын.
Өмір деген – бергенің мен алғаның,
Өмір деген жоғалтқаның тапқаның.
Қайғыны ойлап бекер қабақ шытпағын,
Тірі жүрсең бақытым деп ұқ мәнін.
Өмір деген - ұтылғаның, ұтқаның,
Өмір деген – жығылғаның, жыққаның.
Көп жасауды мақсатым деп білесің,
Бар күніңді үмітпенен сүресің.
Өмір деген – табысың мен үлесің,
Өмір деген - тартысың мен күресің.
Бірде шаттық, тағдыр бірде артты мұң,
Ауырсынбай тіршіліктің тарт жүгін.
Өмір деген - қаралығың, мәрттігің,
Өмір деген – балалығың, қарттығың.
Жеміс берсе еккенің мен сепкенің,
Онда анық мақсатыңа жеткенің.
Өмір деген – бүгінің мен өткенің,
Өмір деген – келгенің мен кеткенің.
Әлсіз қалып, мықты шыңға шығатын,
Өмір – майдан айқастардан тұратын.
Өшпеу үшін Адам деген ұлы атың,
Биік болсын өмірде тек мұратың.