(Мұқағали Мақатаевқа)
Халқым деп еміреніп өртенеді,
Өмірді өлеңменен көмкереді,
Елінің еркелері, серкелері,
Білмеймін неге ақындар ерте өледі?!
Тағдырдың өші бар ма от ақында,
Оларға құмар ауру, апатың да.
Табаны тайғанақтап тағы солар,
Сүрініп кетіп жиі жататын да.
Аңғарсақ ақылды да, асау да олар,
Мүмкін сәл жыр буына масаң болар.
Жан болып елмен бірдей жаралғанмен,
Бейімсіз жұрт секілді жасауға олар.
Титімдей кіршігі жоқ тілегінде,
Дәуірі салмақ салған жүрегінде.
Сөздері жатталғанмен жиі елінде,
Өздері сия бермес бұл өмірге.
Өлеңнен болмаса да өзге өнері,
Ізіне бөз де ереді, сөз де ереді.
Беріліп бітпей жатып өз берері,
Тым ерте әзірейіл кез келеді.
Ажал-ақ дайын нағыз дара ақынға,
Қоймайды сағатын да санатуға.
Кетеді ұшқан аққу қанатында,
Келемін сиғыза алмай соны ақылға?!
Жүргесін жылдар жүгі жүйкесінде,
Қояр ма тірлік мұңсыз күй кешуге.
Ертерек алады оны құзырына,
Алласы ақынды шын сүйгесін бе?!
Ойынан өшпес жалын өрт өреді,
Бойына белгісіздеу дерт енеді.
Жетпіс пен сексенге олар кем келеді,
Білмеймін неге ақындар ерте өледі?!
Халқым деп еміреніп өртенеді,
Өмірді өлеңменен көмкереді,
Елінің еркелері, серкелері,
Білмеймін неге ақындар ерте өледі?!
Тағдырдың өші бар ма от ақында,
Оларға құмар ауру, апатың да.
Табаны тайғанақтап тағы солар,
Сүрініп кетіп жиі жататын да.
Аңғарсақ ақылды да, асау да олар,
Мүмкін сәл жыр буына масаң болар.
Жан болып елмен бірдей жаралғанмен,
Бейімсіз жұрт секілді жасауға олар.
Титімдей кіршігі жоқ тілегінде,
Дәуірі салмақ салған жүрегінде.
Сөздері жатталғанмен жиі елінде,
Өздері сия бермес бұл өмірге.
Өлеңнен болмаса да өзге өнері,
Ізіне бөз де ереді, сөз де ереді.
Беріліп бітпей жатып өз берері,
Тым ерте әзірейіл кез келеді.
Ажал-ақ дайын нағыз дара ақынға,
Қоймайды сағатын да санатуға.
Кетеді ұшқан аққу қанатында,
Келемін сиғыза алмай соны ақылға?!
Жүргесін жылдар жүгі жүйкесінде,
Қояр ма тірлік мұңсыз күй кешуге.
Ертерек алады оны құзырына,
Алласы ақынды шын сүйгесін бе?!
Ойынан өшпес жалын өрт өреді,
Бойына белгісіздеу дерт енеді.
Жетпіс пен сексенге олар кем келеді,
Білмеймін неге ақындар ерте өледі?!