Балаларым-бақытым

Бала-шаға туралы

Балаларым, Қарлығашым, Балапаным! Сипайды маңдайыңнан алақаным. Тәлтіректеп, Біріңді бірің жетектеп, Келесіңдер, Дәл сон...

Балаларым,
Қарлығашым,
Балапаным!
Сипайды маңдайыңнан алақаным.
Тәлтіректеп,
Біріңді бірің жетектеп,
Келесіңдер,
Дәл соны жаратамын.

Балаларым,
Бүлдіршінім,
Көгершінім!
Сендерді ойлап түс көрем нелер шырын.
Ойнайсыңдар,
Ойынға тоймайсыңдар,
Ойлантпай қоймайсыңдар өмір сырын.

Бөбектерім,
Шаттығым,
Қуанышым!
Бұл сендер әкеңнің жан шырағысың,
Шырағысың,
Желкілдеген құрағысың,
Жайқалып жайнап өсер шынарысың.

Қарақтарым, бақытты баласыңдар,
Шаласыңдар, ертең-ақ данасыңдар,
Жанасыңдар,
Жанымды жағасыңдар,
Күннен күнге тәтті боп барасыңдар.

Боталарым,
Қозыларым,
Құлындарым!
Неге айтты демеңдерші мұның бәрін.
Ырымдадым,
Желкілдеп тұлымдарың,
Өнердей өсіңдерші бақытты боп,
Өлеңдей ұзақ болсын ғұмырларың.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Бала-шаға туралы
Күні 31.05.2026